Тақырып - МАЛ АЗЫҒЫ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мал азығы базасы- өндірістік материалды-техникалық құралдар мен мал азығымен қамтамасыз ету көздерінің жиынтығы.

Мал азығы базасы мал азығын өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және пайдаланудың ғылыми негізделген жүйесін құрайды.

Мал азығы өндірісі– кәсіпорын жағдайын ескеретін мал азығын өндіру және дайындау бойынша агротехникалық және ұйымдастыру-экономикалық шаралар жиынтығы.

Мал азығы өндірісі шабындық және егіс алқаптарындағы азық өндірісіне бөлінеді.

Мал азығы өндірісіне негізгі талаптар:

1. мал басын жыл бойы өз өндірісінен жоғары сападағы азықпен қамтамасыз ету;

2. аз шығынмен азық өндірісін ұйымдастыру;

3. азықты жемдеуге дайындау;

4. егіс және шабындық алқаптардағы азық өндірісін тиімді пайдалану;

5. табиғи мүмкіндіктерді толық пайдалану.

Мал азығы өндірісін тиімді пайдалану принциптері:

· аймақтық жағдайларға және кәсіпорынның мамандандыру бағытына сәйкестігі;

· мал азығының өсу қарқынының мал басының және өнімділігінің өсу қарқынынан жоғары болуы;

· егіс алқаптарындағы және мәдени шабындық алқаптардағы азық өндірісін сәйкестендіру арқылы а/ш жерін тиімді пайдалану;

· мал басын біркелкі, тоқтаусыз биологиялық толық құнды азықпен жыл бойы қамтамасыз ету, нәтижесінде мал басының қысқы және жазғы жемдеу типтерінің айырмашылығы азаяды;

· мал азығы қажеттілігін аз шығындармен қамтамасыз ету.

Мал азығымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар формасы:

1.Мамандандырылған а/ш кәсіпорындары – мал басын өз өндірісі азығымен толық қамтамасыз етеді, нәтижесінде тасымалдау шығындары азаяды.

2. Шаруашылықаралық мал бағытындағы кәсіпорындар мал азығы өндірісімен айналыспайды; мал өсіру, бордақылауға қажетті азықпен келісім-шарт негізінде қатысушы шаруашылықтар қамтамасыз етеді. Негізгі кемшілігі – көказықтың жетіспеушілігі, тасымалдау шығындарының көптігі.



3. Шаруашылықаралық мал бағытындағы кәсіпорындар айдалатын жері және табиғи мал азығы жерлері бар, құнарлы және көказықты өздері өндіреді. Концентратты және қатты азықтармен қатысушы кәсіпорындар қамтамасыз етеді.

4. Шаруашылықаралық мал бағытындағы кәсіпорындар және кешендер қажетті азықпен мал азығы өндірісіне мамандандырылған кәсіпорындардан сатып алады.

5. Ірі мемлекеттік мал бағытындағы кәсіпорындар толығымен мемлекеттік қордан алынатын комбикормға негізделеді және өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын және тағам қалдықтарын пайдаланады.

Өсімдік типтегі мал азығы 4 топқа бөлінеді:

Концентратты–астық қалдығы, комбикорм, жмых, витаминді ұн.

Қатты –пішен, сенаж, сабан, мекен.

Құнарлы–сүрлем, картоп, тамыр жемістілер – қызылша т.б.

Көказық– көк шөп.

А/ш кәсіпорындарында құрғату (сорғыту) немесе жылу арқылы кептіру әдістерімен дайындалатын азықтар да пайдаланылады (монокорм). Мал текті азықтар, минералды қоспалар, витаминдер және микроэлементтер де қолданылады.

Жемдеу типі жылдық немесе кезеңдегі жемдеу рационы құрамындағы әр топтағы азықтың құнарлылығына сәйкес үлесін %-бен көрсетеді.

Жемдеу типі мал түріне, тобына сәйкестеледі. Ірі қара мал көбіне шаруашылығында концентратты, сүрлемді, сүрлем-шөп, сүрлем-шөп-концентрат жемдеу типтері пайдаланады.



Шошқа және құс шаруашылықтарында концентрат типтегі жемдеу басым болады, қой шаруашылығында – көказық және қатты азықпен жемдеу басым болады.

Мал азығы өндірісі тиімділігінің көрсеткіштері: азық өнімділігі, азық бірлігінің, қорытылған протеиннің 1 гектарға, 1 адам-сағатқа шығымы, 1 ц азықтың, азық бірлігінің, қорытылған протеиннің өзіндік құны, 1 гектардан алынатын таза табыс.

Кәсіпорында қолданылатын тиімді жемдеу типі және нормалары негізінде мал азығы жоспары мен балансы құрылады.

Мал азығы жоспары – тиісті кезеңге мал басының және өнімділігінің өсімін ескере есептелген кәсіпорынның мал азығыны қажеттілік жоспары.

Мал азығы балансы – кәсіпорынның тиісті кезеңдегі мал азығына қажеттілігін өндірілетін көлемімен салыстыру.

Мал азығы қажеттілігі азықтың әр түріне физикалық салмақта, азық бірлігінде анықталады. Мал азығы қажеттілігі жоспарының негізгі көрсеткіші - қорытылған протеиннің қажеттілігі.

Азық қажеттілігі 2 кезеңге есептеледі: 1 кезең - жоспарлы жылдың күзгі өнім жинауынан келесі жылдың күзіне дейін; 2 кезең - жоспарлы жылға.

Бірінші кезеңге азық қажеттілігі жоспарлы жылға егіс алқаптарын есептеуде пайдаланылады.

Екінші кезеңге азық қажеттілігі мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын анықтауда қолданылады.

Азық қажеттілігі 2 әдіспен есептеледі:

Мал азығы қажеттілігі анықталғаннан кейін азық балансы құрылады, баланста азықпен қамтамасыз ететін ең тиімді көздері көрсетіледі. Баланс азықтың барлық түріне жасалады. Баланс кіріс (азықпен қамтамасыз ету көздері) пен шығыстан (қоғамдық малға қажеттілік, сақтандыру қоры, жеке меншік малы т.б.) тұрады. Баланста азықтың қандай түрлерінің жетіспейтіндігі немесе артықтығы көрсетіледі, қандай азық түрлерімен алмастыруға болатындығы көрсетіледі.

Мал азығы өндірісі жүйесінде көказық конвеерінің маңызы зор. Көказық конвеері – мал басын көктемнен күзге дейін үздіксіз көказықпен қамтамасыз ету.

Жалпы алғанда көказық конвееріне себу, жинау уақыттары кезекпен келетін бір жылдық, көп жылдық шөптер түрлері кіреді.

Ерте көктем айларында көказықпен қамтамасыз ету мақсатында күздік дақылдар себіледі.

Егіс алқаптарында мал азығы өндірісін тиімді ұйымдастыру үшін төмендегі талаптардың орындалуы қажет:

- егіс алқабынан алынатын азықтың тиімді көлемі мен құрамын анықтау

- егіс алқаптарының тиімді құрылымын анықтау

- шаруашылықта егіс алқаптарының орналасуын, алмасуын ұйымдастыру

- интенсивті технологияны пайдалану

- еңбекті тиімді ұйымдастыру және ынталандыру

- тұқым өндірісін ұйымдастыру

Егіс алқаптарында азық өндірісі 3 типте кездеседі:

· шөпті алқап – көказыққа және гранула, брикет дайындауға, тұқым алуға шикізат ретінде пайдаланылады.

· айдалатын егіс алқабы – тамыр жемісті азықтар мен сүрлем алуға пайдаланылады

· астық-шөпті алқап – концентратты және қатты азықтар алынады.


6630544901530945.html
6630590864359067.html
    PR.RU™